- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бақытты болу үшін...
Бақытты болу үшін арылу керек 5 нәрсе
Кейде өмірде бақытты болу үшін бір нәрсе жетпей тұрғандай көрінеді. Үй, машина, диплом алсақ немесе жақсырақ жұмысқа тұрсақ, бақытты болатындай сезінеміз. Осылардың бәріне жетемін деп көпшілік бақытты сәттерді жіберіп алады. Өмір қарапайым және қуанышты бола түсуі үшін мына нәрселерден арылған жөн.
Басқалардан бірдеңе күту
Әлем, құдай, саясат, махаббат, бақыт және ақша жайлы әр адамның түсінігі әртүрлі. Барлық адамды өзіңіздей көрмеңіз. Адамдар әртүрлі болатынын қабылдаңыз. Басқалардан түсіністік, адалдық, көмек күтпеңіз. Қандай да бір нәрсе сіздің жоспарыңыз бойынша жүрмей қалса, көңіліңізді түсірмеңіз. Себебі бұл тек сіздің жоспарыңыз. Ертең не болатынын ешкім білмейді.
Материалдық армандар
Қазіргі заманның артықшылығы да, кемшілігі де осы. Әлеуметтік желілерде барлық адам өзінің материалдық жағдайын көрсетуге бейім. Зәулім үйі бар және әлем аралап жүрген адамдарға қарап, бір жағынан мотивация алуға болады. Бірақ екінші жағынан, кей адамдар материалдық арманды қуамын деп нағыз бақытты сәттерді жіберіп алып жатады.
Тәуелділік
Тәуелділіктің кез келген түрінен арылыңыз. Ол алкоголь, есірткі, ойынқұмарлық, басқа адамға психологиялық тәуелділік және ұялы телефонға тәуелділік болуы мүмкін. Тәуелділікке берілген адам - жалған "бақыттың" құрбаны.
Өзіңізді және басқаларды алдау
Өтірік айтуды доғарыңыз. Оны өзіңізден бастаңыз. Шындыққа тіке қарамайынша (ол жағымсыз болса да), сізді шынымен де не бақытты ететін түсіне алмайсыз.
Токсик адамдармен араласу
Ортаңыз сізге қатты әсер береді. Егер айналаңызда токсик адамдар болса, өз-өзіңізді бағалауыңыз түсіп кетеді және өзіңізді бақытсыз сезінесіз.
Досыңыздың токсик екенін білдіретін 5 белгі
А. Жапатова