- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бақытжан Сапиев Президент...
Бақытжан Сапиев Президент әкімшілігінде жаңа қызметке тағайындалды
Бақытжан Сапиев Президент әкімшілігінің мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімімен Бақытжан Шаймұхаметұлы Сапиев Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Президент әкімшілігінің құрылымы қайта құрылғаны хабарланған еді.
Осы құжатқа сәйкес Президент әкімшілігінің жаңартылған құрылымына мына лауазым иелері кіреді:
Президент әкімшілігінің басшысы;
Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы;
Президент кеңсесінің бастығы;
Президенттің көмекшілері;
Президенттің кеңесшілері;
Президент әкімшілігінің бөлімдері.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова