Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы қызметіне сайланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы РФ президенті Владимир Путин Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесте айтты.
"2024 жылғы 1 ақпаннан бастап басқарма басшысы лауазымына кірісетін Сағынтаев мырзаға қош келдіңіз деймін. Біз оны жақсы білеміз, ол бұрыннан ЕЭК мүшесі болып жұмыс істеген. Мен оның жаңа міндеттемелерін еш ойланбастан қабылдайтынына сенімдімін", - деді Путин.
Бұған дейін бұл қызметті Беларусьтің бұрынғы премьер-министрі Михаил Мясникович атқарған еді.
Бақытжан Сағынтаев 2022 жылғы 1 маусымынан бастап Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі (министр) қызметін атқарып жатыр.
Бақытжан Сағынтаев 2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласының әкімі қызметінен босатылды.
Бұған дейін ол бірнеше ай Президент Әкімшілігінің басшысы қызметін атқарған. 2016 жылғы қыркүйектен 2019 жылғы ақпанға дейін ҚР премьер-министрі болды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!