- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бақытжан Бұқарбай: Марғұлан...
Бақытжан Бұқарбай: Марғұлан Сейсембайдың кітабынан түскен пайданы түгелдей өзім аламын
Жазушы, баспагер Бақытжан Бұқарбай кәсіпкер Марғұлан Сейсембайдың "Бизнес пен өмір туралы" дейтін кітабын не себепті 5 жылдан көп уақыт жазғанын түсіндірді. Ол бұл туралы Тимур Балымбетовке берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Марғұлан ағамен жұмыс істегенде ол кісіні бір-екі айда сарқып болу мүмкін емес. Бәрібір қасында жүресің, түсінесің, бақылайсың, қадағалайсың дегендей. Алғашқы үш жылдай қасында сапарларда, экспедицияда болдым. Балқашта бірге болдық, жанында жүріп диктофонға біраз нәрсені жазып алдым. Сосын қазір енді сұхбаттары өте көп. Ол кезде сұхбаттар енді-енді қарқын алып жатқан. Киевте болғанда да шарасына қатыстым. Мына жерде болған форумдарға да қатысып, бәрін жазып, ақпараттың бәрін өңдедім. Сосын ол кісі де түбегейлі қарайды ғой. "Әлі асықпай тұрайық, мынаны тағы бір тереңдеп көрейік" деді. Бұл енді жарты жылдық өмірі бар кітап емес қой. Ертең 10 жылдан кейін де өзектілігін жоймасын деген ниетпен жазылды. Сосын асықпай шығарған жөн деп ойладық. Сосын тағы бір жыл отбасылық жағдайларға байланысты жұмысқа араласа алмай қалдым. Міне, сәл солай созылып кетті, бірақ ең бастысы нәтижеге жеттік қой. Кітап шықты, қазақ оқырманына жетіп жатыр. Бизнес, тұлғалық дамуға қатысты жазылған кітаптардың ішінде үлкен бір межені бұздық", - деді ол.
Кітаптың бағасы Meloman дүкенінде 9 500 теңге тұрады.
"Көп адам "Неге қымбат?" деп айтады. Соғыс басталғалы бері қағаз қымбаттап кетті. Көбі 9 500 теңгеге сатылса, бәрі баспагердің қалтасына түседі деп ойлайды. Шын мәнінде, олай емес. Басу құны көп жейді. Сосын кітап түрлі түсті басылды. Біріншіден, қағаз қымбат, екіншіден, түрлі түсті қылып басатын болсаң, жай қара ала басылғаннан екі есе қымбат болады. Сосын дүкеннің өзінің үстеме құны болады. Өзің төлейтін салығың болады. Соларды есептегенде қалатын ақша көп емес. Құқық толығымен өзіміздің баспада. Марғұлан аға "бұл жобаны өздерің алыңдар" деп, маған берді", - деді Бақытжан Бұқарбай.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан