Бақытжан Байжанов бостандыққа шықты: Салтанат Нүкенованың ағасы тосын жайтқа пікір білдірді

Бақытжан Байжанов бостандыққа шықты: Салтанат Нүкенованың ағасы тосын жайтқа пікір білдірді
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Айтбек Амангелді 22 шілдеде бостандыққа шыққан Бақытжан Байжановқа қатысты пікір білдірді. Ол бұл туралы Instagram-да жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Айтбек Амангелдінің айтуынша, адвокаттар бұл мәселені зерттеп, жағдайға әсер ету мүмкін емес деген қорытындыға келген. Сондай-ақ, ол белгіленген тәртіпке сәйкес бұл мәселе жәбірленуші тараптың қатысуынсыз қаралғанын мәлімдеді.

"Рақымшылық" "кінәсіз" дегенді білдірмейді. Рақымшылық жасау үкімнің күшін жоймайды, адамды кінәсіз деп танымайды және сот белгілеген кінәні жоққа шығармайды. Байжанов 6 жыл бойы пробация бақылауындағы қылмыскер болып қала береді", - деп жазды ол.

Ол болған жағдайды қабылдау қиын екенін, алайда бұл "тақырып жабық" екенін жеткізді.

Айта кетейік, Бақытжан Байжанов 22 шілдеде рақымшылық туралы заң аясында бостандыққа шықты. Бақытжан Байжановқа алты жыл мерзімге әкімшілік қадағалау белгіленді.

Еске салайық, Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша қылмысты жасырғаны үшін кінәлі деп танылды. 2024 жылы мамырда сот оны төрт жылға бас бостандығынан айырды. Кейін апелляциялық инстанция үкімді өзгеріссіз қалдырды, алайда оған қатысты рақымшылық туралы заң қолданылды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget