- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бақытжан Байжанов апелляциялық...
Бақытжан Байжанов апелляциялық сотта күтпеген мәлімдеме жасады
Бақытжан Байжанов апелляциялық сотта мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол алғашқы сот отырысында әділ үкімге мүмкіндігі болмағанын айтады.
"Сот алқабилерге арналған сұрақтарды оқыған кезде мен қорыққан нәрсе орындалды. Маған қатысты істегі деректерді мұқият қарап, әділдік орнауына ықпал етулеріңізді сұраймын. Мен және менің отбасымның болашағы сіздердің қолдарыңызда.
Менің әділдікке деген сенімімді қалпына келтіруге қол ұшын созыңыздар. Мен қылмыс жасамағандықтан және менің кінәм дәлелденбегендіктен, үкімнің толық күшін жоюды және істі жаңа сот талқылауына жіберуді сұраймын", - дейді Байжанов.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина