- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бақытгүл Хаменованың соты...
Бақытгүл Хаменованың соты 5 қыркүйекте қайта жалғасады
Үш куәгердің белгісіз себептермен сот процесіне келмей қалуына байланысты Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың соты 5 қыркүйекте қайта жалғасады, - деп хабарлайды "Хабар 24".
Сотта куәгерлер Атырау қалалық мәдениет және спорт бөлімінің есеп және есептеу бөлімінің меңгерушісі Лиза Укешова мен Сарайшық ауылдық округінің әкімі Жексенбай Фазуловтың жауабы тыңдалды. Олардан өзге үш куәгер белгісіз себептермен сот процесіне келмей қалды.
Сол себепті соттың келесі отырысы 5 қыркүйекте жалғасады. 11 тамызда Атырауда облыс әкімінің орынбасары болған Бақытгүл Хаменоваға, Атырау облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев пен "Балқыту" ЖШС директоры Өміртай Адамовтың соты өтті.
Бақытгүл Хаменова мен Ақылбек Рысқалиевтың ісі ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен тергелген. Ал, "Балқыту" ЖШС директоры Өміртай Адамов ҚР Қылмыстық кодекстің 367-бабының 2-бөлігімен тергеуге алынған.
С. Сатыбалдина