Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот отырысы 11 тамызға шегерілді, - деп хабарлайды ATPress.kz.
Бақытгүл Хаменованың ісі бойынша сот отырысы ол айыптау актісінің көшірмесін алмағандықтан шегерілген.
Прокуратура айыптау актісінің көшірмесін ұсынған, бірақ ол камерадан шықпаған. Сондықтан сот отырысын 11 тамызға дейін шегеру туралы шешім қабылданған. Басылым мәліметінше, Хаменова сот залына келген сәттен бастап, отырыс бар болғаны 20 минутқа созылған.
Еске салайық, Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова пара алды деген күдікпен ұсталған болатын. Атырау облысының арнайы тергеу соты облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованы үйқамаққа алу туралы шешім шығарған. Онымен бірге облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев те ұсталды.