- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жаңалық
“Бақыт тілеп қойыңыздар“. Альбина Шардарова жұрттан сүйінші сұрады

Фото: instagram.com/albina.shardarova?
Танымал актер Бауыржан Сатовтың қарындасы тұрмысқа шығып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы актердің әйелі әрі әнші Альбина Шардарова әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, жұрттан сүйінші сұрады.
"Күнделікті күйбелең тіршілік сол. Айтпақшы, біздің отбасымызда бір сүйінші жаңалықтар болып жатыр.
Отбасымызға +1 күйеу бала. Енді өзімнің қайын сіңлімді ұзатамын, бұйыртса. Жастарға бақыт тілеп қойыңыздар", - деп жазды ол.
Айта кетейік, бұған дейін Альбина Шардарова әлеуметтік желідегі жазбасымен оқырмандарын ойландырып қойған еді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә