- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бақыт Сұлтанов қызметінен...
Бақыт Сұлтанов қызметінен босатылды
Фото:
Тұрар Қазанғапов
Бақыт Сұлтанов сауда және интеграция министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары - сауда және интеграция министрі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Ал сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы болып Серік Жұманғарин тағайындалды.
Е. Төлеш"Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары - сауда және интеграция министрінің міндеттерін атқарушы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы лауазымынан босатылсын", - делінген Жарлықта.