Бақыт Сұлтанов Астана қаласының әкімі қызметіне тағайындалды. Ақорданыңтуиттердегіхабарламасында: Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов Астана қаласының әкімі қызметіне тағайындалды, - делінген. Жаңа әкімнің өмір жолына көз жүгіртсек, Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов 1971 жылы Алматы қаласында туған. Қазақ ұлттық техникалық университетін және Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Инженер-электрик, экономист. 19941997 жж. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жетекші экономисі, мемлекеттік бағалы қағаздар басқармасы бастығының орынбасары бөлім бастығы. 1996-1997 жж. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жанындағы Қазынашылық мемлекеттік қарыз және кассалық қаржы басқармасы бастығының орынбасары.19971998 жж. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бюджеттік департаменті директорының орынбасары, мемлекеттік сатып алу жөніндегі департамент директоры.19981999 жж. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық департаменті директорының орынбасары.19992002 жж. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бюджеттік департаменті директорының орынбасары, мемлекеттік бюджет департаменті директорының орынбасары, директоры.2002-2003 жж. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі бюджеттік саясат департаментінің директоры.20032006 жж. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің орынбасары.20062007 жж. Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің орынбасары.20072010 жж. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.Мемлекет басшысының 2010 жылғы наурыздағы Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды.2012 жылдың қаңтарында Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметіне келді. 2013 жылғы6 қарашада Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметінен босатылып, Премьер-Министрдің Орынбасары - ҚР Қаржы министрі болып тағайындалған еді.Құрмет орденімен және екі медальмен марапатталған. Отбасылы, үш баланың әкесі. Бұған дейін, Астана әкімі болып Әсет Исекешев қызмет еткен-ді. Кеше Әсет Өрентайұлының Президент әкімшілігінің басшылығына тағайындалғанынхабарлағанедік.