- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бақыт Сұлтанов Астана...
Бақыт Сұлтанов Астана әкімі болды
Фото:
time.kz
Бақыт Сұлтанов Астана қаласының әкімі қызметіне тағайындалды.
Ақорданың туиттердегі хабарламасында: "Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов Астана қаласының әкімі қызметіне тағайындалды", - делінген.
Жаңа әкімнің өмір жолына көз жүгіртсек, Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов 1971 жылы Алматы қаласында туған. Қазақ ұлттық техникалық университетін және Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Инженер-электрик, экономист.
1994–1997 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жетекші экономисі, мемлекеттік бағалы қағаздар басқармасы бастығының орынбасары – бөлім бастығы.
1996-1997 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жанындағы Қазынашылық мемлекеттік қарыз және кассалық қаржы басқармасы бастығының орынбасары.
1997–1998 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бюджеттік департаменті директорының орынбасары, мемлекеттік сатып алу жөніндегі департамент директоры.
1998–1999 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық департаменті директорының орынбасары.
1999–2002 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бюджеттік департаменті директорының орынбасары, мемлекеттік бюджет департаменті директорының орынбасары, директоры.
2002-2003 жж. – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі бюджеттік саясат департаментінің директоры.
2003–2006 жж. – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің орынбасары.
2006–2007 жж. – Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің орынбасары.
2007–2010 жж. – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.
Мемлекет басшысының 2010 жылғы наурыздағы Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды.
2012 жылдың қаңтарында Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметіне келді.
2013 жылғы 6 қарашада Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметінен босатылып, Премьер-Министрдің Орынбасары - ҚР Қаржы министрі болып тағайындалған еді.
«Құрмет» орденімен және екі медальмен марапатталған. Отбасылы, үш баланың әкесі.
«Құрмет» орденімен және екі медальмен марапатталған. Отбасылы, үш баланың әкесі.
Бұған дейін, Астана әкімі болып Әсет Исекешев қызмет еткен-ді. Кеше Әсет Өрентайұлының Президент әкімшілігінің басшылығына тағайындалғанын хабарлаған едік.
Е. Жұмабайұлы