Бақыт Нұрмұханов Конституциялық сот төрағасының орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының судьясы Бақыт Маратұлы Нұрмұханов Қазақстан Республикасы Конституциялық сот төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Бақыт Нұрмұханов туралы не белгілі?
Ол 1979 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 2000 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
Әр жылдары Құқықтық бөлім кеңесшісі, Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас сарапшысы, бас кеңесшісі, Құқықтық сараптама бөлімі жанындағы Талдау жұмысы секторының меңгерушісі, Конституциялық кеңес төрағасының кеңесшісі және Конституциялық кеңес аппаратының Құқықтық сараптама бөлімінің меңгерушісі сияқты түрлі лауазым атқарған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова