Бақыт Есімова Президент әкімшілігінде жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының өкімімен Бақыт Амангелдіқызы Есімова Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, Бақыт Есімова АҚШ-тағы University of California, San Diego оқу орнын Public Policy мамандығы бойынша тәмәмдаған. Бұған дейін Қостанай облысы әкімінің орынбасары болған.
Ал 2022 жылғы мамырдан бастап Президент әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!