Қазір екі баланың анасы атанып, декреттік демалыста отырған Мақпал Исабекова өмірлік бақытын өнерден емес, отбасынан тапқан сияқты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші әлі күнге дейін өнер әлеміне қайта оралып-оралмайтыны туралы ашық мәлімдеме жасамады. Алайда әлеуметтік желіге салатын контенті Мақпал Исабекованың жақын уақытта сахнаға қайта оралмайтынын меңзейді.
Баласын емізіп отырған видеосын жариялаған әнші: "Бақыт деген осы екен", - деген жазба қалдырған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!