Боксшы Дархан Дүйсебай Бакуде өтіп жатқан "Ұлы Жібек жолы" жарысының жеңімпазы атанды. Ол финалда өзбек боксшысы Бегзод Хамидовтан басым түсті.
71 килоға дейінгі салмақта өткен жекпе-жекте отандасымыз қарсыласына мықтылығын мойындата білді. Осылайша Қазақстан құрамасының қоржынына екінші алтын медальды салды.
Осыған дейін 60 килоға дейінгі салмақта Талғат Сырымбетов чемпион атанған болатын. Ал Теміртас Жүсіпов пен Тимур Қабдеш күміс жүлдені қанағат тұтқан еді.
Бокс кешінің соңына қарай Сағындық Тоғамбай Әзербайжан елінің атынан шығатын кубалық Альфонсо Домингеспен жұдырықтасады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз