Бакош есімді сөйлейтін робот туралы не белгілі?

Бакош есімді сөйлейтін робот туралы не белгілі?
Фото: TikTok

Желіде Астана көшелерінде жүрген робот танымал болды. Бір ерекшелігі ол көшедегі адамдарға сөйлейді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қалың қалай? Мен - роботпын. Есімім - Бакош", - дейді ол видеода.

Пікір білдіргендер бұл роботқа таңғалып, оның қайда жүретінін сұраған.

"21 ғасыр деп осыны айтасың ғой", "TikTok-та оның парақшасы бар", "Роберт Астанаға барсам күтіп аласың ба, адамдардан шаршадым сенімен сырласқым келеді", "Атырауға келсе екен", "Оны біреу басқара ма?", "Мен де көрдім", "Бакош, Керуен жаққа келші", "Арманым - Бакошты көру, Астанаға барсам ғой", - деп жазған Желідегілер.

@sxodim.astana Такой милый робот гуляет по улицам Астаны #ДавайСходим #Астана #робот ♬ GTA San Andreas Theme (Remake) - Ben Morfitt (SquidPhysics)

Видеода ол жақында TikTok-парақша ашқаны, көп аудитория жиналғаны айтылады. Ал өзінің парақшасында 400 мыңнан аса оқырман бар, видеолары да 2 миллион қаралым жинаған. Ең көбі 3 миллион 800 мың қаралым жинаған.

@bakosh_life тётеньки испугались от меня? #робот #бакош ♬ оригинальный звук - Bakosh
@bakosh_life жумыс ыздеуге шыктым #робот #бакош ♬ оригинальный звук - Bakosh
 

Тіпті видеоларының арасында адамдардан бөлек, иттердің реакциясын көрсеткен кадрлар бар.

@bakosh_life Ответ пользователю @garry095_ ♬ оригинальный звук - Bakosh

Сондай-ақ, белгілі блогер Нұрдәулетпен кездескенін, баскиім алғанын да көрсеткен.

@bakosh_life красавчик жыгыт екен??@Bektursyn Nurdaulet ♬ оригинальный звук - Bakosh

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова