Бақилық болған атасын қабірден қазып алмақ болған баланың видеосы жұртты жылатты

Атасының бейіт басына барған баланың видеосы жұртты жылатты. Оның видеосы әлеуметтік желіде пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Видеоның баланың әкесі түсіріп алған болуы керек. Ер адам Нұрдәулет есімді баладан не істеп жатқанын сұрайды.

"Атаны тауып аламын… Атаны шығарамын" дейді топырақты қазып жатқан бала.

Видеодан балақаймен бірге бейіт басына тағы бір баланың барғанын байқауға болады. Кішкентай қыз марқұм болған адамның бейіт басына қойылған көктастың шаңын сүртіп жатыр.

"Немересін тастамай, көтеріп жүретін атаны осылай іздейді", "Өмір ғой, барлығымыздың баратын жеріміз осы жер", "Жаным-ау, бұны жалған өмір дейді. Жылама..", "Шіркін-ай, қайтқан адамды шығарып алсақ қанекей", "Мына видеоны көріп әбден жыладым", "Жүрегім ауырып кетті", "Жылататын видео екен", "Немерелерін баласынан артық көретін қазақтың тәрбиесі бөлек қой", "Жылағым келіп кетті", "Жүрегі таза періште ғой", "Жаным-ау, атасын іздеген. Қолынан келсе, тірілтіп алатын сияқты" деп жазды желі қолданушылары.

Видео қашан және қайда түсірілгені белгісіз.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!