"Бақандай 45 жас". Шоу-бизнестегі шаңырақ көтерген жұлдыздардың аралары қанша жас?

"Бақандай 45 жас". Шоу-бизнестегі шаңырақ көтерген жұлдыздардың аралары қанша жас?
Фото: Instagram

Шоу-бизнес өкілдері арасынан өнерде ғана емес, өмірде де бас қосқан жұлдыздар көп. Бұл қатарда қазақтың Төлегені мен Қыз Жібегі атанған Құман Тастанбеков пен Меруерт Өтекешова да бар. Алайда қалың көпшілікке танымалдар арасында жас ерекшелігі жағынан айтарлықтай айырмашылық барына қарамастан, шаңырақ көтергендер де бар. Massaget.kz тілшісі жас айырмашылығы бар өнердегі жұптар кімдер екеніне шолу жасады.

Қыдырәлі мен Қарақат

Көптің көзайымына айналған өнердегі жарқын жұптың бірі - Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина. Биыл олардың шаңырақ көтергеніне 23 жыл болған. Олар 1999 жылы 20 тамызда үйленген. 

Қарақат Әбілдина Желіде қалай шаңырақ көтергендері туралы жазба жариялаған еді. Оның сөзінше, түрі кішкентай болған соң жұрт "18 жастағы қыз" деп шулаған екен.

"Қыдекеммен 4 жыл танысып жүріп, төртінші жылда шаңырақ көтердік.
- Оқуымды аяқтамай тұрмысқа шықпаймын, - дедім.
- Уайымдама, оқуыңды аяқтайсың. Бәрі жақсы болады, - деп уәде берді. Уәдесінде тұрды.
21 жасымда, 4-курсқа көшкен кезде шықтым тұрмысқа. Басылымдар, жаңалықтар "Қыдырәлі 18 жастағы қызға үйленді" деп шулатты. Түрім бөпе көрінген ғой", - деді ол Желіде.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Karakat Abildina (@karakat_a)

Қыдырәлі Болманов 1964 жылы 19 мамырда дүниеге келген. Ал Қарақат Әбілдина 1978 жылы 7 наурызда туған. Демек, аралары - 14 жас. Қыдырәлі 35 жаста, ал Қарақат 21 жаста болған кездерінде отбасын құрған. Жұлдызды жұп қазір 4 ұл және 2 қыз тәрбиелеп отыр.

Сондай-ақ, былтыр Қыдырәлі Болманов инста-оқырмандарынан сүйінші сұрап, Аяланың артынан тағы бір қыз бала ергенін, Қарақаты "өмірге балпанақтай бөпе әкелгенін" жазған еді. 

Сейфуллин мен Екатерина

Белгілі әнші Сейфуллин Жолбарыс Екатерина есімді қызбен отбасын құрған. Олардың аралары - 15 жас. Сейфуллиннің айтуынша, жас айырмашылығы ешқандай кедергі келтірмеген. Олар Азалия, Аниса есімді екі қыз тәрбиелеп отыр.

"Екатерин Жолбарыс!" - деп жазған әнші Желіде жазбаларының бірінде. 

Сұхбаттардың бірінде Екатерина өнер әлеміне бала кезінен қызыққанын айтқан болатын. Былтырдан бері әншілер отбасылық дуэт ретінде алғашқы әнін жазған. Ал 2017 жылы Сейфуллин Жолбарыс шығармашылығының 25 жылдық есеп беру концертін өткізіп, жас келіншегін көрсеткен еді. Stan.kz мәліметінше, онда сазгердің жас келіншегі қазақ тілінде ән салып жұртты қайран қалдырған. 

"Концертте әнші әрі сазгер Сейфуллин Жолбарыстың анасы да ән салды. Бірақ әншінің анасын бұрыннан танитын жұрт басқа дүниеге ерекше назар аударды. Ол - сазгердің екінші әйелі, орыс ұлтының өкілі Екатерина Лилуя еді", - делінген басылым мәліметінде.

Досхан Жолжақсынов пен Қарагөз Сүлейменова

Театр, кино актері Досхан Жолжақсынов пен әнші Қарагөз Сүлейменова 1989 жылы 25 ақпанда шаңырақ көтерген. 

"Осыдан тура 33 жыл бұрын Жолжақсыновтар әулетіне келін болып, Досекең екеуіміз отбасын құрдық. Дәл бүгінгідей мамыражай, қыстың жылы кезі еді. Уақыт шіркін..." - деп жазған еді биыл Қарагөз Сүлейменова Желіде. 

Олардың Біржан, Бекзат есімді ұлдары, Ділдә есімді қыздары бар. Дегенмен олардың арасы - біраз жас. Досхан Жолжақсынов 1951 жылы дүниеге келген. Ал Қарагөз Сүлейменова 1967 жылы туған. Демек, аралары - 16 жас

Жұлдызды жұп "Астана" телеарнасы берген сұхбаттарының бірінде көп жүрмегендерін, Қарагөз жұбайын танып үлгермегенін, екі айдың ішінде қосылғандарын айтты. Сол сұхбатта "тоқалсың ба" дейтін көпшілікке "басы бос болмаса, кездеспек түгілі сөйлеспейтінін" жеткізген еді. 

"Бірінші рет көргенде маған ұнаған жоқ. Автобуста көргенде, "алтын қыз" деп құрт ұсынды. 1 аптадан кейін қарасам, қыз-келіншектердің бәрі осы кісімен шүйіркелескісі келеді екен. Театрға шақырды. ... Кейін 1987 жылы көкек айында ажырастым деген құжатын көрсетті", - деген еді ол.

Төлеген Мұхамеджанов пен Нұржамал Үсенбаева

Жастарға өнерде де, өмірде де бағыт сілтеп жүрген жұптың бірі - композитор Төлеген Мұхамеджанов пен опера әншісі Нұржамал Үсенбаева.

Төлеген Мұхамеджанов 1948 жылы дүниеге келген. Ал Нұржамал Үсенбаева 1959 жылы туған. Аралары - тура 9 жас. Алайда жұлдызды жұп бүгінде төрт бала тәрбиелеп отыр - Жанна Мұхамеджанова, Құралай Мұхамеджанова, Қарлығаш Мұхамеджанова, ұлдары - Дәурен Мұхамеджанов.

Ал кенже қыздары Қарлығаш Мұхамеджанова актриса ретінде де өнер көрсетіп жүр. Ол "Дала дауысы", "Аманат", "Келинка Сабина-2" секілді бірнеше фильмге түскен.

Нұрғали Нүсіпжанов пен Жадыра Сейдеш

2019 жылы Қазақстан Республикасының Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов 82 жасқа қараған шағында үйленген еді. Оның таңдауы журналист қызға түскен. Жарының есімі - Жадыра Сейдеш. Олар той да жасаған. Ал той сол жылы 26 тамызда Алматыда өткен.

 

Әнші Нұрғали Нүсіпжанов 1937 жылы дүниеге келген. Ал оның жары 1982 жылы туған. Демек аралары едәуір үлкен. Бақандай 45 жыл

Кентал мен Милана

2021 жылы танымал әнші Кентал да шаңырақ көтерген болатын. Оның жарының есімі - Милана. Stan.kz мәліметінше, әнші мен оның жарының арасы - біраз жас, яғни 14 жас

Stan.kz

"Жарымның есімі - Милана. Менен 14 жас кіші. Өзге ұлт өкілі. Ортақ достарымыз таныстырды. Досым өзінен біршама жас кіші қызға үйленген еді. Олардың қуанышында болдым. Сосын досымның келіншегінен сұрастыра бастадым. Өзі қатарлы жас қыз болса, үйленуге дайын екенімді айттым. Солайша, Миланамен таныстым. Құрбысы таныстырды. Милана өте ұяң, өте тәрбиелі қыз. Артық жүрісі жоқ. Қыдырып көрмеген қыз. Сонысы ұнады. Үйленуге ниет білдірдім. Егер отбасылық өмірдің осыншалық керемет екенін білгенде, баяғыда үйленер едім", - деген еді әнші. 

Асанәлі Әшімов пен Бағдат Әшімова

Халық әртісі Асанәлі Әшімов пен екінші жары Бағдат Әшімованың арасы - 34 жас. Ол бірінші әйелі Майра Аймановамен 1993 жылға дейін бірге тұрған. Алайда кейін қайғылы оқиғалардан кейін Бағдатқа үйленген.

Stan.kz

Еске салайық, бұған дейін жасырын үйленіп алған жұлдыздар кімдер екеніне шолу жасаған едік.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова