- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "БАҚ-та жарияланған материалдың...
"БАҚ-та жарияланған материалдың ескіру мерзімі - 3 жыл". Балаева заң жобасы туралы
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Масс-медиа" туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева заңға жаңа түсініктер енгізілетінін мәлімдеді.
"Заң жобасына "масс-медиа", "грант", "бірыңғай медиа платформа", "Журналистердің құқығы туралы ұлттық баяндама" деген ұғымдар енгізіледі", - деді министр.
Сондай-ақ, ведомство басшысы заң жобасы бойынша мына нормаларды ұсынды:
- БАҚ-та жарияланған материалдың ескіру мерзімін 3 жыл деп белгілеу;
- БАҚ-тың сұрау салуларын қарауды 7 жұмыс күнінен 5 жұмыс күніне дейін қысқарту;
- Журналистердің құқығы мен бостандығын сақтау туралы ұлттық баяндаманы дайындау;
- Отандық телерадио хабар тарататын спутниктік операторлардың шығындарының бір бөлігін субсидиялау;
- Баспасөз картасын енгізу;
- 2025 жылдан бастап республикалық деңгейде гранттық қаржыландыруға көшу;
- БАҚ-ты есепке қою тетігін жетілдіру;
- БАҚ-ты қызметін өзін-өзі реттеу мәселелері жөніндегі қоғамдық-кәсіптік кеңестер құру.
Заңды талқылау барысында депутаттар баспасөз картасын енгізуге қарсы екенін айтты. Алайда жоба бірінші оқылымда мақұлданды.
Мәдениет және ақпарат министрі баспасөз картасын енгізу талабы алып тасталуы мүмкін екенін де мәлімдеді.
"Екінші оқылымға дейін заңды депутаттармен талқылаймыз. Заңда ұсынылып отырған баспасөз картасы туралы талап алып тасталуы мүмкін", - деді Аида Балаева.
Аяз Есен
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Massaget.kz