БАҚ: қылмыс әлемінде “Леха Семипалатинск“ атымен танымал ұры қайтыс болды

БАҚ: қылмыс әлемінде “Леха Семипалатинск“ атымен танымал ұры қайтыс болды
Фото: Мәскеу прокуратурасы

Қылмыстық ортада "Леха Семипалатинск" деген атпен танымал 66 жастағы қазақстандық ұры Айтқали Маймұшев Ресейдегі түрмеде асылып өлген күйі табылды. Бұл туралы ресейлік БАҚ жазып жатыр, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақпаратты Prime Crime Telegram-каналы таратты. Айтқали Маймұшев жазасын Карелия Республикасындағы Надвоицы ауылындағы түзеу колониясында өтегені белгілі.

2023 жылдың шілдесінде Маймұшевті Мәскеу қалалық соты қылмыстық иерархияда жоғары лауазымды ("вор в законе" деп аталатын) және есірткі саудасы үшін кінәлі деп тауып, 9 жылға бас бостандығынан айырды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан