Бағлан Бекбауов қызметінен босатылды

Бағлан Бекбауов қызметінен босатылды
Фото: gov.kz

Бағлан Бекбауов ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Бағлан Әбдәшімұлы Бекбауов ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды", - деп жазылған хабарламада. 

Бағлан Бекбауов 1983 жылы Түркістан қаласында туған. Қ.А. Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, М.Нәрікбаев атындағы ҚазМЗУ-ды бітірген. 

Еңбек жолын 2006 жылы жекеменшік компанияда бағдарламашы лауазымынан бастаған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget