Әнші, продюсер Бағлан Әбдірайымов Әйгерім Сейфоллаға берген сұхбатында "әншінің әйелі болу қиын" деген пікірге қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші халық арасында кең тараған "Өнер адамдарының жары болу қиын. Жанкүйердің махаббаты бар. Олар көбіне гастрольде жүреді. Барлық ауыртпалық пен жүк әйелдің мойнына ілінеді" деген пікірге қатысты өз ойын айтты.
"Ер азамат түзде деп айтады. Ең жаман еркек үйде - отырған еркек. Ол түзге шығып көлік айдай ма, ән айта ма немесе вахталық жұмысқа кете ме маңызды емес, ол түзде жүреді. Сондықтан үйде көп бола бермейді. Бұл әйелдерге ұнамағандықтан, солай айтатын шығар деп ойлаймын. Ал кейбір әйелдер күйеулерін "жұмса - жұдырығында, ашса - алақанында" ұстайды да, күйеуін өзінің үлкен баласы қылып алады. Оны жан-жағымыздан көріп жатырмыз. Яғни әйел өзіне ыңғайлысын айтады. Ал ер адамның түзде екенін түсінетін әйел бұл нәрсеге қалыпты қарайды. Үйде отырғаннан гөрі елмен аралас, ақша тап, кәсіп жаса", - дейді Бағлан Әбдірайымов.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Жапатова