- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бағдат Мусин танымал...
Бағдат Мусин танымал брендті жарнамалағаны рас па?
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қазақстандық танымал брендті жарнамалаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Министр өзінің сырт келбетіне жақсы қарайтыны белгілі. Фейзбук қолданушылары министрдің жазбасындағы "Qazaq Republic" бренді қызықтырды. Желі қолданушыларында "қазақстандық брендті министр жарнамалайтын болған ба" деген сұрақтар туындаған. "Qazaq Republic" брендінің негізін қалаушы режиссер Сәкен Жолдас өзінің бір сұхбатында өзі шығарған бренд киімдерін қазақстандық танымал тұлғалар да киетіндігін тілге тиек етті.
"Біздің киімдерді көптеген танымал тұлғалар киеді. Оның ішінде Ерлан Қарин, Бағдат Мусин, Әлішер Елікбаев, Динара Сәтжан. Мен табиғатымнан мақтауға және көмек сұрауға жақын емеспін, сондықтан мұндай қолдауға өте қуаныштымын", - деді Сәкен Жолдас.
Сәкен бұл кәсіпті бастағанда алғашқы қолдаушылардың бірі болған Бағдат Мусин.
"Мен олардың көбімен кейде ақылдасамын. Мысалы, Бағдат Мусин брендті шығару идеясын алғашқылардың бірі болып қолдаса, Ерлан Қарин K әріпінен Q әріпіне ауыстыруды ұсынды. Ал Әлішер Елікбаев тауардың сапасы туралы өз пікірін айтқан еді. Мұның бәрі өнімді жақсартуға бағытталған",- деді Сәкен Жолдас.
Еске сала кетейік, осыған дейін министр Бағдат Мусин қазақстандықтарға интернетті үнемдеу керектігін айтқан болатын. Министрдің осы сөзінен кейін әлеуметтік желілерде интернетті үнемдеуге қатысты күлкілі жазбалар пайда болды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Алғабек