"Қазақтелеком" АҚ басқармасының төрағасы Бағдат Мусин желіде баласының домбыра ойнап жатқан видеосын жүктеп, жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бағдат Мусин баласының домбыра тартып отырған видеосын жариялады.
"Балам жексенбі күнін күтіп, мектепте не үйренгенін бізге көрсетіп жатыр. Мақсат - бір жағынан оның еңбегін бағалау болса, екінші жағынан інісіне де үлгі көрсету. Мейлі дәл қазір ұқпаса да, кейін домбыраның үнін бойына сіңіріп өседі. Қадір Мырза Әлі айтпақшы, "Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра", - деп жазды ол.
Бағдат Мусин балалармен уақыт өткізудің маңыздылығын атады және отбасылық дәстүрін бөлісті.
"Күйбең тірліктің арасында балалармен уақыт өткізудің қаншалықты маңызды екенін ұмытып кетіп жатамыз. Біздің отбасымызда жақсы дәстүр бар - әр жексенбіні не болса да бәріміз бірге өткіземіз. Осы күнді асыға күтеміз. Сол себептен, біз үшін жексенбі - кішкентай мейрам, отбасылық мереке күні.
Сіздердің де үйде домбыра үні шырқалып, балалар асыр сап ойнап, ата-анаңыз олардың қылықтарына тоймай отыра берсін! Отбасымыз аман болсын", - деп жазды экс-министр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!