"Қазақтелеком" АҚ басқармасының төрағасы болып тағайындалған Бағдат Мусин жаңа қызметі туралы жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мусин компанияның одан әрі дамуы үшін командамен ынтымақтастықта жұмыс істеп, өркендеуі үшін күш-жігерін салатынын айтты.
"Бүгін "Қазақтелеком" АҚ басқармасының төрағасы болып тағайындалдым. Сенім артқандарыңызға алғыс айтамын. Компанияның одан әрі дамуы үшін командамен жемісті ынтымақтастықта жұмыс істеп, өркендеуі үшін күш-жігерімізді саламыз. "Қазақтелеком" АҚ - негізгі ұлттық байланыс операторы ретінде еліміздің технологиялық дамуын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Қоғам мен мемлекет мүддесі үшін біз еліміздегі байланыс инфрақұрылымын жетілдіріп, халықаралық жобаларда ел дамуының әлеуетін жүзеге асыратын боламыз", - деп жазды ол.
Еске салайық, бұған дейін экс-министр Бағдат Мусин жаңа қызметке тағайындалғанын хабарлаған едік.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз