- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бағдаршамның қызыл түсіне...
Бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетсеңіз қанша айыппұл төлейсіз?
Жол ережесін сақтауды көлік жүргізушілері жадынан шығармауы керек. Оқыс оқиға тіпті адам шығынына әкелуі мүмкін. Осы тұрғыда көлік жүргізушілеріне ескерту ретінде айта кетсек, егер бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетсеңіз қандай жаза күтіп тұр? Massaget.kz тілшісі айыппұл шығынын есептеді.
2023 жылдың басынан бастап Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш (АЕК) жоғарылаған- 3450 теңге. Бұл жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдар көлемінің ұлғаюына да әсер етеді.
2023 жылы Қазақстанда бағдаршамның қызыл жарығына жол жүргені үшін айыппұл көлемі
Бұл заң бұзушылық 599-баптың 1-бөлігі бағдаршамның тыйым салу сигналына немесе реттеушінің тыйым салу қимылына өту. Бұл үшін Қазақстанда 2023 жылы 10 АЕК немесе 34 500 теңге көлемінде айыппұл жазасы қолданылады.
Егер де бір әкімшілік құқық бұзсаңыз яғни сіз бағдаршамның қызыл түсіне өтіп айыппұл төлеп, осы жағдайды бір жылдың ішінде қайталасаңыз, онда жүргізуші 2023 жылы 15 АЕК немесе 51 750 теңге айыппұл төлеп жазаланады. 599-баптың 2-бөлігі
© kolesa.kz
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Е. Ерболұлы