"Бағасын екі есе көтеру керек". Маман тәтті сусындардың күтпеген зияны туралы айтты

"Бағасын екі есе көтеру керек". Маман тәтті сусындардың күтпеген зияны туралы айтты
Фото: Pixabay.com

Астана медицина университеті Академик Е.Д.Даленов атындағы ПМ ҒЗИ жетекші ғылыми қызметкері Жанна Нұрберген тәтті сусындардың бағасын екі есе көтеру керегін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Тәтті сусындардың салдарын бәріміз білеміз. Қазіргі таңда аталған сусындар балалардың бауырын, өт жолын және асқорыту жүйесіне зиянын тигізіп жатыр. Соның кесірінен бүгінгі таңда жүрек-қан тамырлар жүйесінің аурулары кеңінен белең алып отыр. Жалпы, газдалған және энергетикалық сусындардың құрамында аспартам, таурин және кофеин секілді зиянды қоспалар болады. Егер адам сол жасанды дәмдеуінштерді жиі тұтынса, көп ұзамай аурауға шалдығады", - дейді маман.

Ол мамандардың тәтті сусындарды нарықтан мүлдем алып тастай алмай отырғанын айтады. 

"Қандай да саясаттың әсері ме, әлде үніміз жетпеді ме білмеймін, мамандар тәтті сусындарды нарықтан алып тастау керек деп айтқанына көп жыл болды. Енді ең болмағанда жастарымызды қорғау үшін олардың мөлшерін азайтуды көздеп отырмыз. Сондықтан Денсаулық сақтау министрі айтқандай, бағасын көтерсек, сәл де болсын көтеру септігін тигізеді. Бірақ бұл мәселені шеше ме, білмеймін, өйткені қазіргі балалар ақшасыз жүрмейді ғой сол үшін екі есе көтерсе деймін...", - дейді Жанна Нұрберген.

Диетолог Үкіметтің энергетикалық және газдалған сусындарды қолға алып, шектемей жатқаны мамандарды қатты алаңдатынын атап өтті.

"Әрине, қазіргі таңда жауапты органдар сауда байланысына және экономикаға әсер етуі мүмкін деп себептерін айтуы мүмкін, дегенмен егер зиянды сусындарды сатуды әрі қарай жалғасытыра берсек, 10-20 жылдан кейін нәтижесін көреміз. Бізге ұрпақтың саулығы маңызды, энергетикалық сусындармен алкогольмен күрескендей күресуге тиіспіз", -дейді ол.

Нұрбергенқызының айтуынша, тәтті сусындардың жарнамасына да шектеу қойылуы керек.

Ең көп тараған жарнамалардың бірі тәтті сусындарда...Меніңше, мемлекет бірден-бір қолға алатын мәселе", - дейді Жанна Нұрберген.

Бұған дейін денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова тәтті сусындар қымбаттауы мүмкін екенін айтқан еді. Вице-министр бұл ұсынысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) бергенін айтты. 

Жасұлан Ордабаев

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz