Павлодар облысының қаржы басқармасы Баянауылдағы әкімдіктің бұрынғы резиденциясын мемлекет меншігіне қайтаруды талап етіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жасыбай көлінің жағасындағы элиталық демалыс орнын кезінде Болат Бақауов өңірді басқарып тұрғанда меншікке сатып жіберген. Қазір ол жерде бір млрд теңгеге жуық қаражатқа қымбат курорттық аймақ салынған. Тексеру өткізген табиғатты қорғау прокуратурасы, зәулім нысанның алты есе арзанға сатылғанын анықтады. Бұрынғы резиденция бар жоғы 161 млн. теңгеге бағаланған. Прокуратура, екі бірдей зәулім ғимараттан тұратын нысанды сату кезінде бағасы қасақана төмендетілгенін айтады. Ерекше қорғауға алынған жер жекеменшікке заңсыз сатылған дейді.
"Нысанды сату кезінде лауазымды тұлғалар теріс мәліметтерді тапсырған. Ал мүлікке толыққанды және шынайы бағалау жасалынбаған. Содан барып демалыс аймағындағы ғимараттар арзанға сатылды. "Жұмбақ арнасы" демалыс үйінің тұрғын үйге жатпайтын нысандарын есептен шығару кезінде жер учаскесіне бағалау жүргізілмеген", - дейді Павлодар облыстық табиғатты қорғау прокуроры Ерлан Салханов.
Қазір іс сотта қаралып жатыр. Айта кетерлігі, бұл нысан бұрын өңірдегі ірі кәсіпорынға сенімгерлік басқаруға берілген. Павлодар мұнай-химия зауыты жыл сайын оған жөндеу жұмысын жасап отырды.
Е.Базарқұл
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!