Бағасы 45 миллион. Алматыда 1991 жылғы су жаңа көлік сатуға қойылды

Бағасы 45 миллион. Алматыда 1991 жылғы су жаңа көлік сатуға қойылды
Фото: Yernar Almabek\Massaget.kz

Еліміздегі көлік сатуға арналған kolesa.kz сайтында ВАЗ 2109 көлігі 45 миллионға сатуға қойылған.

Көліктің су жаңа екені хабарланған.

"Көлікке қызығушылық танытқан адамдар – ВАЗ 2109, 1991 жылғы көлігі сатылады. Су жаңа көлік. Коллекциенерлерге арналған. Бағасы 100 000 (жүз мың) доллар. Бос сұрақтармен қоңырау шалып мені де, өзіңіздің де уақытыңызды алмаңыз", - делінген хабарламада.

Аталмыш сайтта мұндай көліктердің бағасы 588 235 теңге екені, бұл көлік осыған ұқсас көліктерден 44 411 765 теңгеге (7550%) қымбат екені жазылған. Көліктің түсі ақ, 103 шақырым ғана жүрілген.

Т. Раушанұлы