"Үш күнде миллион таптым", "ата-анамды Дубайға жібердім", "пәтер сыйладым", "қажылыққа жібердім" деген сияқты блогерлердің оқиғасын естіген боларсыздар. Қазір әлеуметтік желідегі әрбір үшінші блогер марафон, нұсқаулық, курс, кеңес сатып ақша тауып отыр. Тренингтердің бағасы әртүрлі, кейбіреуі 10000 теңгеден басталса, басқасы миллиондар тұрады. Massaget.kz тілшісі блогерлер оқырмандарын оқыту арқылы қанша ақша тауып жүргенін анықтап көрді.
1. Мұхамеджан Тазабек - Тәлім терапия, бойдақтарға/бойжеткендерге бағыт/бақыт семинары
Қазір тәлімгердің жеке/топтық тәлім терапиясы мен ББББ семинарына орын сатылып жатыр. Ол Желідегі парақшасында жеке Тәлім терапияға қазан айына орын қалмағанын айтып, келер қарашаға алдын-ала жазылуды ашып қойған.
Мұхамеджан Тазабектің көмекшілерінің мәліметінше, 20 қазанда Шымкентте 3 сағат жалғасатын топтық тәлім терапияға бар-жоғы 10 орын қалған. Терапияда тұлғалық даму, отбасы құндылықтары, ақшамен қарым-қатынас, кәсіп тақырыптары қамтылады. Билет құны бір адамға - 30 мың теңге, екі адамға - 25 мың теңгеден түседі. Топта 50 адам болады, адам санын есептеп, тәлімгердің бір топтық тәлім терапиядан қанша ақша табатынын білейік.
24 * 30000 = 720 000 теңге
26 * 25000 = 650 000 теңге
650 000 + 720 000 = 1 миллион 370 000 теңге болады.
Сонымен, ол бір топтық жеке терапия өткізіп, 1 миллион 370 000 теңге табыс табады екен.
Келесі, ол бойдақтарға/бойжеткендерге бағыт/бақыт семинары. Семинар онлайн форматта платформа арқылы жүргізіледі, 2 пакеттен тұрады. Біріншісі - VIP пакет, ішіне 30 тақырыпқа 30 сабақ, Мұхамеджан Тазабектен жеке кеңес пен талдау, "BAQYT" клубының мүшелігі, жеке адамның талғамына сай келетін жанның анкетасын алу мүмкіндігі, өзіне анкета толтыру кіреді, оған қоса тәлімгермен оффлайн кездесуге жеңілдік және бонус ретінде мамандық таңдау тесті беріледі. Сабақ ұзақтығы 1 ай. Осының барлығы 1-ші ағын үшін 50 пайыз жеңілдікпен - 25 000 теңге.
Екінші - стандарт пакет. Ішіне 30 тақырыпқа 30 сабақ, порталда 1 ай бойы қолжетімді болады. Бағасы - 10 000 теңге.
Медиа-менеджердің Instagram парақшасына 1,9 миллион оқырман жазылған. Осы адамдардың шамамен кем дегенде 2 мыңы бұл семинарды сатып алатын болса, қанша ақша болатынын есептеп көрейік.
25 000 * 1000 = 25 миллион теңге
10 000 * 1000 = 10 миллион теңге
25 000 000 + 10 000 000 = 35 000 000 теңге
Айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабектің курсын болжам бойынша 2000 адам сатып алса, ол бойдақтарға/бойжеткендерге бағыт/бақыт семинарын өткізу арқылы барлығы 35 миллион табады екен.
2. Айнұр Тұрсынбаева - "Менің ішкі сәбиім" Телеграмм консультация.
Курстың бағасы - 10000 теңге, ал орын саны шектеулі - 500 орын. Kaspi бөліп төлеу бар. Кеңес онлайн форматта жүргізіледі. Курсты сатып алған адам Айнұр Тұрсынбаеваға сұрақ, уайымын жазбаша түрде жазып жібереді, 10 күннің ішінде толық жауап алады. Танымал блогердің сөзінше, жеке кеңеске желтоқсанға дейін орын қалмаған. Ал кейінірек ментор бұл Телеграм кеңеске 55 орын ғана қалғанын жеткізді. Сонымен сатылған орындардың ақшасын есептейтін болсақ,
500 - 55 = 445
445 * 10000 = 4 450 000 теңге.
Сонда бір онлайн кеңес беру арқылы, блогер 4 миллион 450 000 теңге табады.
3. Айым Сейтметова - "Glam me" өз өзіңе make up жасау курсы
Курс онлайн форматта жүреді, 6 апта қолжетімді. Шаш үлгісі және макияж бойынша егжей-тегжей қадамдық сабақ, яғни
Курс бағасы - 15 000 теңге, орын саны шексіз. Сонымен қатар, сабақты 3 айға бөліп төлеу, яғни Kaspi Red бар. Актрисаның Instagram желідегі парақшасында 1,4 миллион оқырманы бар. Болжам бойыншы осы оқырманның кем дегенде 10 000 курс сатып алса, блогердің 15 000 000 теңге табады.
4. Аида Серікова - Қытайдан тауарлардың каталогы
Каталогтың бағасы - 7500 теңге, ішінде зауыттан тікелей сапалы сөмке, киім, косметика, техника, ыдыс-аяқтар арзан бағамен бар. Оған қоса, каталог ішіне Қытай сайттары да қосылады екен. Орын саны шектеулі - 500 адам. Аида Серікованың айтуынша, бұл 500 каталог бірнеше сағат ішінде сатылып кеткен.
500 * 7500 = 3 750 000 теңге.
Сонымен, блогер каталог сату арқылы 3 миллион 750 000 теңге жинаған.
5. Нұрсұлтан Мағзымов пен Мағжан Тлеухановтың 4 күндік "Master mind" талдауы
Жеке бренд, инфобиз және ойлау бойынша Мағжан мен Нұрсұлтанның талдауымен 4 күндік курс. Бұл ТМД-ның түкпір-түкпірінен кәсіпкер мен сарапшылар үшін 3 күндік жабық оффлайн-кездесу. Курстың құнын бөліп төлеуге болады. Қатысу тарифтері, бірінші - бизнес тарифі, ішіне күндізгі жабық жиналыс пен сынаққа қатысуы, Business тарифы үшін арнайы Telegram жабық чат, стандартты қатар мен кофе үзіліс кіреді. Құны - 299 000 теңге.
Екінші - VIP тарифы, ішіне 4 күндік жабық жиналыс пен талдауға қатысу, көрермен ретінде "Сынақтар күніне" қатысуы, Platinum-нан кейін бірінші қатарлар, After Party, бекітілген көмекші, VIP тарифы үшін арнайы Telegram жабық чат және кофе үзіліс кіреді. Бағасы - 599 000 теңге.
Үшінші - Platinum тарифы, оған 4 күндік жабық жиналыс пен талдауға қатысу, Мағжан мен Нұрсұлтанның сахнадағы сізді және кәсібіңізді талдауы, сахнаның жанында үстелі бар алдыңғы қатарлар, жеке консьерж-сервис, Platinum тарифы үшін арнайы Telegram жабық чат, After Party, түскі ас және кофе үзіліс кіреді. Бағасы - 2 599 000 теңге.
Оффлайн кездесуге орын саны шектеулі - барлығы 300 бар, оның 230-ы сатылып кеткен. Бұл туралы блогерлер Желідегі парақшасында жариялады. Осы 300 орынның 200-і business, 80-і VIP, 20-ы platinum тарифы деп болжайтын болсақ,
200 * 299 000 = 59 800 000 теңге
80 * 599 000 = 47 920 000 теңге
20 * 2 599 000 = 51 980 000 теңге болады.
Барлығы - 159 миллион 700 000 теңге болады.
6. Куаныш Шонбаймен бірге 6 ай жұмыс істеу мүмкіндігі
Жеке кәсіпкер Қуаныш Шонбай 18 қазанда онымен бірге 6 ай жұмыс істеу мүмкіндігі туралы айтып, аукцион жариялады. Кәсіпкер оқытудың 4 форматын ұсынған. Бірінші формат, Ideal kun elite camp 3-4 күн кәсіпкерлер жиналып, мақсат қойып, мақсатқа жетуге кедергі жасайтын эмоционалды тұрақсыздықты шешеміз деп уәде беріп отыр кәсіпкер. Екінші формат, топтық коучинг бизнес инструменттерді талқылайтын топтық коучинг. Кәсіпкерлер айына бір рет жиналып, жобаға мақсат қойып, керек инструментті таңдайды. Үшінші формат, нейротрекермен жұмыс. Төртінші формат, Қуаныш Шонбайдың өзімен жеке жұмыс.
Кәсіпкермен бірге 6 ай бойы жұмыс істеуге іріктеуден өту үшін өзіңіз жоба мен төлей алатын бағаңызды ұсынасыз. 4 адам ғана қабылданады. Аукционға қатысу ең төмен ставка - 3,5 миллион теңге. Кәсіпкердің ұсынысы:
Мүмкіндіктің жалпы құндылығы - 35 миллион теңге.
7. Роза Коуч - Интенсив 2.0 курсы
Қаржылық коуч Роза Әшірбаева өмірдегі ең маңызды сфераларды қамтитын Интенсив 2.0 курсын ашты. Қарқынды сабақта ақша, махаббат, энергия, Карпман үшбұрышы туралы айтылады. Яғни, қарыз-несиеден құтылу, ақша жинап үйрену, жақындармен ұрыс-керіссіз жақсы қарым-қатынас құру, уақыт пен энергияны тиімді пайдалану үйретіледі. Сабақ онлайн платформада болады, ал Карпман үшбұрышы және одан шығу жолы туралы коуч өзі тікелей эфир жүргізеді.
Сабақты Kaspi Red және бөліп төлеу арқылы сатып алуға болады. Курс бағасы - 24 990 теңге.
Курс бойынша ақпарат алуға болатын Telegram чатта барлығы 23 мыңнан астам адам тіркелген, осы оқырмандардың шамамен кем дегенде 2 мыңы курс сатып алды деп юолжап көрсек, Роза коучтың курс сатып тапқан ақшасын біле аламыз.
2 000 * 24 990 = 49 миллион 980 000 теңге шығады. Бұл адам санын тағы азайтып көрсек, мысалы
1 000 * 24 990 = 24 миллион 990 000 теңге болады.
Тағы да оқи отырыңыздар: Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірбаянын, шығармашылығын кімдер зерттеді?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!