"Бағасы 109 миллионға дейін". Танымал қазақстандықтар қандай көлік мініп жүр?

Танымал өнер жұлдыздары қандай көлік мініп жүр? Massaget.kz тілшісі шолу жасап көрді.

Баян Алагөзованың көлігі қанша тұрады?

Баян Алагөзова Porsche Cayenne көлігін мінді. Бұл қуанышын биыл 14 наурызда Instagram желісінде жариялаған.

"Кейде жарыңа ренжіп те тұрған пайдалы", - деп жазған продюсер.  

Мұндай маркалы көліктердің құны шамамен 50 миллионнан бастап 109 миллион теңгеге дейін жетеді.  

bayanmaxatkyzy Instagram-парақшасынан

Айқынның бала кезден армандаған көлігі қандай?

Белгілі әнші Айқын оқырмандарынан сүйінші сұраған еді. Әнші жаңа көлігін көрсетті. 

"Қуыршақ секілді көлік. Бала кезімнен бері ақ гелен (Mercedes-Benz G-Класс - авт. еск.) болғанын қалап едім", - деді ол. 

Mercedes компаниясының сайтындағы мәліметке қарағанда, мұндай көліктер шамамен 67 миллион теңгеден басталады.

Айдана Меденова қандай көліктер мінді?

aidanamedenova_officialpage Instagram-парақшасынан

2021 жылы жазда Айдана Меденова желідегі парақшасында жаңа көлік алғанын жазды. Сонымен қатар, тұңғышы Әмина дүниеге келгенде жұбайы Toyota Land Cruiser Prado сыйлағанын, ал ұлы Әлихан дүниеге келгенде, Range Rover алып бергенін айтқан еді.

Басқа өнер жұлдыздарының көліктері қандай?

Әнші Ақылбек Жеменейдің Желіге жүктеген видеоларынан ол Mercedes-Benz W222 жүргізетінін көруге болады. 

Танымал тележүргізуші Динара Сәтжан Cadillac XT5 маркалы көлігін жүргізеді.

Қайрат Нұртастың Желідегі видеоларына қарап, Lexus LX 570 көлігін жүргізетінін байқауға болады. Компания сайтындағы мәліметке сүйенсек, бұл көліктердің құны 60 миллионнан басталады.

Тележүргізуші, шоумен Бауыржан Сатов Toyota Land Cruiser 200 көлігін жүргізеді. 

Ерке Есмахан Қайрат Нұртас секілді Lexus LX 570 маркалы көлігін жүргізеді. Оның құны шамамен 60 миллионнан басталады.

"Жаңа жыл алдындағы ғажайып күндер мен түндер өтіп жатыр. Сұлу көлігім одан сайын сұлуланып кетті", - деп жазды ол.

erke_esmahan Instagram-парақшасынан