- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Бағаны әдейі көтерген"....
"Бағаны әдейі көтерген". Астаналық таксист Үндістан азаматын 45 мың теңгеге жеткізген
Астанада шетелдік азаматты алдаған такси жүргізушісі ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
22 қарашада 102 арнасына "Дипломат" қонақ үйінің әкімшісінен хабарлама келіп түсті. Ол такси жүргізушісінің Үндістан азаматынан оны Астана әуежайынан қонақүйге жеткізгені үшін 45 000 теңге алғанын хабарлады.
Іздеу іс-шараларын өткізу барысында көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері елордалық таксопарктердің бірінің жүргізушісін ұстады. Ол шетелдікті алдап, халықаралық әуежайдан қонақүйге дейінгі бағаны әдейі көтерген.
Такси жүргізушісі өз кінәсін мойындап, залалды толық көлемде өтеді.
Құқық бұзушыға қатысты ӘҚБтК-нің 190-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып (Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасын бұзу), 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Сондай-ақ таксопарктің атына осындай құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын жою туралы ұсыныс жіберілді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина