Қырғызстанның Талас ауданында жергілікті тұрғындар ұрлық жасаған адамды өздері жазаламақ болған. Әлеуметтік желіде оқиғаға қатысты видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.
Видеода ер адамдар ұрыны бағанаға байлап тастағанын көруге болады. Жергілікті тұрғындар оқиға орнына келген полицейді шетке шығарып жіберген.
Облыстық полиция басқармасы өкілдері 24.kg басылымына бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді.
"Жергілікті тұрғындар ер адамды бағанаға байлап қойған. Тексеру барысында ұры тұрғынның 60 мың сомын (309 882 теңге) ұрлағаны анықталды. Тағы бір тұрғынның 6 мың сомы жоғалып кеткен. Күдікті милицияға жеткізілді. Күдіктіні дәрігерлер тексеріп шықты, оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Тергеу жүріп жатыр", - дейді полиция басқармасының өкілдері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!