- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Бағалайтын, ашуланып қарамайтын...
"Бағалайтын, ашуланып қарамайтын жар бұйырсын": Балжан Бидаш күтпеген жазба жариялады
Фото:
әлеуметтік желі
Танымал әнші Балжан Бидаш әлеуметтік желіде тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбында видео жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Отбасы құру - бақыт, бірақ оны шаттыққа толтыру - нағыз бақыт! Алақанда аялайтын, шынымен бағалайтын, ашуланып қарамайтын жар бұйырсын, құрбым", - деді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі қолданушылары мұның әншінің жеке өміріне қатысы жоқ екенін жазып жатыр. Әнші де "Салтанат үшін" хештегін көрсеткен. Бұл отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы үн қату мақсатында түсіріліп жатқан видеолардың бірі екен.
Айта кетейік, әнші Балжан Бидаш біраз уақыт бұрын актер, әзілкеш Жахан Отарғалиевпен ажырасып, өнерлі жұп екіге кеткен еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова