Ерке Есмахан мен Райм Американың төрт қаласында концерт береді. Құны 55 доллардан басталатын билеттер сатылымға шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Концертке билетті EventCartel сайтынан алуға болады. Американың Нью-йорк, Чикаго, Лос-Анджелес және Хьюстон қалаларында өтетін концерттің билеті 55-75 доллар шамасында. Алайда алдағы уақытта билеттердің бағасы өзгеріп, қымбаттап кетуі мүмкін екенін хабарлады ЕventCartel.
Хьюстондағы концерт 4 қыркүйек, Чикагодағысы 5 қыркүйек, ал Лос-Анджелестегі концерт 6 қыркүйекке жоспарланған. Әншілер ең соңғы болып Нью-Йоркте 7 қыркүйек күні өнер көрсетіп, Америка турын аяқтайды.
"Ерке Есмахан талантты және сүйкімді орындаушы. Ол өзін-өзі қалыптастырған деп нық сеніммен айтуға болады. Мыңдаған жанкүйер, жеке жобалары - мұның бәрі табиғи талант және күнделікті еңбектің арқасында келді. Концертте Еркенің орындауындағы "Қайда?", "Алло", "KZ жігіт" сияқты хиттерді және басқа да көптеген әндерін жанды дауыста тыңдай алады. Ал RaiM - қазіргі қазақ музыкасына жаңа леп әкелген рэпер, әнші, музыкант. Соңғы бес жыл ішінде ол 5 жеке альбом шығарып, тыңдармандардың ыстық ықыласына, ерекше қошеметіне ие болды", - деп жазылған концерттің ресми сипаттамасында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!