- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Баға көтеріле береді...
Баға көтеріле береді - БҚО әкімі
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Астанада өткен брифингте әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы көтерілетінін түсіндірд.
ОКҚ-да журналистердің сұрағына жауап берген Нұрлан Ноғаев бұл мәселе бойынша миниторингтің жүргізіліп жатқанын айтты.
"Баға үнемі бір деңгейде тұра алмайды. Ол түрлі объективтік және субъективтік себептер бойынша көтеріледі. Бірақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік мониторингі үшін облыста облыстық, қалалық және аудандық штаб құрылды, оларға жергілікті атқарушы органдардың, орталық атқарушы органдар мен қоғам өкілдері кіреді. Біз ол жұмысты жоспарға сай жүргізіп жатырмыз", − деді Ноғаев.
"Баға шарықтады" дегенде нақты қай азық-түліктің, қаншаға көтерілгенін айту керек. Бүгінгі таңда жағдай бақылауда. Тағы бір мәрте айтқым келеді: бағаның объективті түрде өсуі бар және болады да. Біз бағаны үнемі бір деңгейде ұстап тұра алмаймыз", − деді БҚО әкімі. Мәселені толығырақ зерделеу үшін ол журналистерді өңірге шақырды.
Дереккөз: tengrinews
С. Ерсін