Астанада бұрынғы шенеунік Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты іс бойынша тергеу аяқталып, материалдар сотқа жолданды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Елорда прокуратурасы мәліметінше, іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша тергелген.
"Күдіктіге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазір қылмыстық іс сотқа жолданды", - деді прокуратура өкілі.
Алдын ала сот отырысы 19 қаңтарға белгіленген. Істі судья Айжан Құлбаева қарайды. Ол бұған дейін экс-министр Қуандық Бишімбаевқа үкім шығарған болатын.
Ержан Бабақұмаровтың өлімі
Еске салайық, 2025 жылы 30 қазанға қараған түні Ержан Бабақұмаров қайтыс болды. Полицияның мәліметінше, экс-шенеунік соққыға жығылған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова