Біріккен Араб Әмірліктерінде атом электр станциясына жасалған ұшқышсыз ұшақ шабуылынан кейін мұнай бағасы көтерілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ice.com мәліметінше, Астана уақытымен сағат 7:32-де Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны барреліне 111,28 доллар болған.
Америкалық West Texas Intermediate мұнайының бағасы 4 мамырдан бергі ең жоғарғы көрсеткішке жетіп, 1,84 долларға қымбаттап, барреліне 107,26 доллар болды.
Сарапшылардың пікірінше, мұнай бағасының жаңа өсіміне АҚШ пен Иран келіссөзі тығырыққа тірелуі, БАӘ-дегі АЭС-ке жасалған шабуыл, сондай-ақ, АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранға қарсы әскери іс-қимыл нұсқаларын талқылауы қарсаңындағы жағдай себеп болған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова