Біріккен Араб Әмірліктерінің құқық қорғау органдары израильдік раввин Цви Коганды өлтірді деген күдікпен Өзбекстанның үш азаматын ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Euronews-ке
Біріккен Араб Әмірліктерінің ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, ұсталған үш адамның жасы 28 бен 33 аралығында.
Ішкі істер министрлігінің қауіпсіздік органдары оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау үшін қажетті шараларды жедел қабылдауға дайын екенін атап өтті.
Молдова және Израиль төлқұжаттары бар раввин бірнеше күн бұрын отбасымен байланысқа шықпаған, ал бір күн бұрын полиция оның мәйітін Әбу-Даби маңында көліктен тауып, ер адамның кісі қолынан қаза тапқанын мәлімдеді.
28 жастағы Коган Әмірліктегі еврей қауымы бас раввинінің көмекшісі болған және кошер дүкенін басқарған. Ол Дубайда 2020 жылдан, екі ел Абраам келісімі бойынша дипломатиялық қатынас орнатқан кезден бастап тұрған.
БАӘ билігі раввиннің қазасын айыптады. Әмірліктің жоғары лауазымды дипломаты Анвер Гаргаш әлеуметтік желіде "БАӘ қауіпсіздік мекені, тұрақтылық оазисі, толеранттылық қоғамы болып қала береді" деп үміттенетінін жазды.
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху бұл оқиғадан кейін "төбесіне жай түскендей" күй кешкенін жеткізді. Ол Әмірлік билігіне раввинді іздеп табудағы жылдам әрекеті үшін алғыс айтты. Израильдің ұлттық қауіпсіздік кеңесі Коганның өлімінен кейін израильдіктерге БАӘ-ге бармауды ескертті.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!