- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Азық-түлік, туыстарға материалдық...
"Азық-түлік, туыстарға материалдық көмек, алимент". Шығын бір жыл ішінде қанша пайызға өсті?
Қазақстандықтардың шығыны бір жыл ішінде 17 пайызға өскен, - деп хабарлайды Energyprom.kz.
Биылғы бірінші тоқсанда қазақстандықтардың шығыны бірден 16,7 пайызға өсіп, халықтың жан басына шаққанда 219,7 мың теңгеге дейін жеткен. Ал былтыр шығын жан басына шаққанда 188,2 мың теңге болған еді, оған қоса бір жыл ішінде 6,7 пайыз ғана болған.
Өңірлер арасынан ең көп шығын Алматы тұрғындарынан байқалған, онда бір тоқсанда жан басына шаққанда 319,6 мың теңге болған. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда, 19,7 пайызға артық. Одан кейін Қарағанды облысы (жан басына шаққанда 275,3 мың теңге, оған қоса жылына 15 пайыз) және Нұр-Сұлтан қаласы (266,2 мың теңге, оған қоса 14,9 пайыз) тұр. Ең төменгі көрсеткіш Шымкентте байқалады, онда 158,2 мың теңге болады, оған қоса жылына 6,7 пайыз. Бұл елдегі орташа көрсеткіштен 28 пайызға төмен. Шығынның ең көп өсуі Солтүстік Қазақстан облысында байқалады, жылына 30,1 пайызға жеткен, яғни 245,9 мың теңгеге дейін болып отыр.
Халықтың барлық шығынының 91,9 пайызы тұтыну шығынына сай келеді, яғни 201,8 мың теңге. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда, 16 пайызға артық. Оның ішінде азық-түлік тауарына 109,9 мың теңге, азық-түлік емес тауарға 53,2 мың теңге, ал ақылы қызметтерге 38,8 мың теңге кетеді. Туыстарға материалдық көмек пен алиментке 4,1 мың теңге, қарыз өтеуге 13,4 мың теңге, салық және басқа да төлемдерге 437 теңге кетеді.
Ж. Қадыржанова