"Азық-түлігі таусылған": ШҚО-да қалаға қайта алмаған жаттықтырушылар мен балалар құтқарылды

"Азық-түлігі таусылған": ШҚО-да қалаға қайта алмаған жаттықтырушылар мен балалар құтқарылды
Фото: ТЖД

Шығыс Қазақстан облысында ТЖД құтқарушылары ауа райына байланысты қалаға қайта алмаған спорт клубының жаттықтырушылары мен балаларға көмектесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, құтқарушыларға Глубокое ауданы Топчиха ауылындағы балаларға арналған спорт клубтарының бірінде 2 жаттықтырушы мен 8 бала қалғаны, олар ауа райы қолайсыздығынан ауылдан Өскеменге орала алмай жатқаны туралы хабар келіп түскен. Олардың азық-түлігі таусылған. Көмекке ШҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жол талғамайтын "ШЕРП" техникасымен келген. Құтқарушылар жаттықтырушылар мен балаларды қалаға аман-есен жеткізген. Оларға медициналық көмек қажет болмаған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова