- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жануар шабуылы
Азу тісімен жаралаған. Турист жануар шабуылынан қаза тапты
Таиландта испаниялық турист пілдің шабуылынан қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі EFE агенттігіне сілтеме жасап.
Агенттік мәліметінше, қайғылы оқиға алдында әйел оңтүстік-батыс жағалауда орналасқан Яо Яй аралындағы пілдерді күту орталығында жануарды шомылдырып жатқан.
Полиция өкілдері оқиғаны растады, бірақ марқұмның жасы туралы ақпарат берілген жоқ.
"Қаза тапқан адам Памплондағы Наварра университетінде құқық және халықаралық қатынастар мамандығы бойынша білім алған жас студент екенін университет өкілдері мәлімдеді", - делінген хабарламада.
Орталық қызметкерінің айтуынша, қыз пілді шомылдырып жатқанда оның алдына өткен. Сол кезде піл азу тісімен өлімге әкелген жарақат салған.
БАҚ-тың мәліметінше, Таиландта пілдерді шомылдыру және олармен өзара әрекеттесу туристер арасында танымал ойын-сауық түрі болып табылады. Пілдер саяхатшыларға арналған түрлі шоуларға да қатысады. Алайда пілдермен байланысты оқиғалардың көпшілігі табиғи мекендеу ортасын жоғалтқан жабайы пілдердің адамдар тұратын аймақтарға келуімен байланысты болатыны айтылған.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан