- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Әзірше интрига". "Астарлы...
"Әзірше интрига". "Астарлы ақиқатты" жүргізуді тоқтатқанын айтқан Дина Төлепберген оқырмандарын ойландырып қойды
"Астарлы ақиқатты" жүргізуді тоқтатқанын айтқан танымал тележүргізуші Дина Төлепберген оқырмандарын ойландырып қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
"Бұл таспада менің ақиқатым. Уақыт сағатын артқа айналдырсам, осы сәттердің бәрі менімен болғанына сенбес едім. Өйткені әр таспаның тармақтарында "менің күлкім, мінезім, еңбегім, көңіл-күйім, уақытым, энергиям" жатыр… Өмірдің қай арнаға апарып соғатының білмейміз. Бірақ өмірді не үшін сүріп жатқанымызды, не мақсатпен келгенімізді білуіміз қажет. Әр адам - ол тарих! Сонда "менің өмірлік мақсатым адамдарға көмек беру, аяққа тұрғызу, көз жасың сүрту ме?" деген өзіме сұрақ қойдым.
Жауабым: Қоғамды әсте өзгерте алмаспын. Қылмыс жойылып, кедейдің бай болуы үшін бір бағдарламаның күші жетпейді. Бірақ көзім көріп, құлағым естіп, тілім сайрап тұрған кезде айналамда болып жатқан былыққа бейжай қарап отыра алмаймын. Адам адам болса, лайланған теңіздің қайта тазаратынына әлі сенемін.
Таспа мен телефонның жадысы керемет шығар. Бірақ адамның жадысы одан да зор. Бұл видеолар өшіп қалса да, менің жүрегімнен кетпесі анық. P.s: Жақында менің TASPA-ларымның эволюциясын көретін боласыз. Ал ол әзірше интрига. Иә, 29-шы қаңтарға дейін менің жүргізген Астарлы ақиқатымды эфирден көре аласыз", - деп жазған ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек