Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өңірдің туризмі әзірге мардымсыз екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
БАҚ өкілі әкімге "Маңғыстау облысының табысының басым бөлігі - мұнай мен газ. Туриз саласынан өңірге түсетін пайда қаншалық үлеске ие?" деген сұрақ қойды.
"Әзірге мардымсыз... Бұл - біздің туризм саласының алғашқы қадамдары. Әлі де біздің облысты танымайтын елдер бар", - деді Ноғаев ОКҚ-да өткен брифигте.
Облыс басшысың сөзінше, елімізде Үкімет басышысының қатысуымен ауқымды форум өткен. Оған 25 елдің елшілігі қатысқан. Форумнан кейін арнайы қонақтар өңірдің табиғатын көріп, Бозжыраға және тағы бірнеше жерге барған.
"Біз осындай маркетинг және таныстыру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Туризм саласындағы қызмет көлемі былтырмен салыстырғанда 1,3 есеге ұлғайып, 4,8 миллиард теңгеге жетті", - деді Маңғыстау облысының әкімі.
Жасұлан Ордабаев
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!