Әзірге қай елдерге сапарлап бармаған дұрыс?

Сыртқы істер министрлігі азаматтарды сапарға шығатын елдерді таңдауда мұқият болуға шақырды. Бұл туралы Сенат дәлізінде сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ержан Ашықбаевтың айтуынша, қазір азаматтарға Иранға және Африка елдеріне ұшпауға кеңес беріледі.

"Африка елдерінде эпидемиологиялық жағдай күрделі. Таяу Шығыстағы қақтығыс бәріне мәлім. Біздің барлық ұсынысымыз қатаң сипатта. Қазір Иранға баруды ұсынбаймыз. Сондай-ақ, Африканың бірқатар еліне барудан бас тартқан жөн", - деді ол.

СІМ өкілі Қазақстан азаматтары баратын елінің заңдарын сақтауға міндетті екенін еске салды.

Айта кетейік, СІМ наурызда жағдай тұрақсыз болуына байланысты ұсыныс жариялаған болатын. Бармауға кеңес берілген елдер тізіміне мыналар кірді: Бахрейн, Мысыр, Израиль, Иордания, Ирак, Иран, Қатар, Кувейт, Ливан, БАӘ, Оман, Сауд Арабиясы, Сирия және Йемен.

27 наурызда СІМ баруға кеңес берілмейтін елдер тізімінен Мысыр алынып тастағанын хабарлады.

Ал 24 мамырда Үндістанның Денсаулық сақтау министрлігі ірі халықаралық әуежайларда тексеріс жүргізіп, азаматтарға Конго Демократиялық Республикасына, Уганда мен Оңтүстік Суданға барудан бас тартуды ұсынды. Онда Эбола безгегі өршіп тұр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!