ҚР Сыртқы істер министрі, "ЭКСПО-2017" халықаралық көрме комиссары Рәпіл Жошыбаев Әзірбайжанға жұмыс сапарымен барды, − деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Жұмыс сапары екі елдің Энергетика министрлері Владимир Школьник пен Натиг Алиевтің жетекшілігімен өткен Қазақстан-Әзірбайжан экономикалық ынтымақтастық туралы 12-ші үкіметаралық отырыс аясында өтті.
Бакуде Рәпіл Жошыбаев Әзербайжанның Энергетика министрі, «ЭКСПО-2017» көрмесіндегі ұлттық секция комиссары Натиг Алиевпен және Әзірбайжан Сыртқы істер министрінің орынбасары Халаф Халафовпен келіссөздер жүргізді.
Кездесудің қорытындысында Әзірбайжан Республикасының "ЭКСПО-2017" көрмесіне қатысуы туралы шартқа қол қойылды.
Дереккөз: inform.kz