Әзілкеш Тұрсынбек Қабатов ауруханаға түсіп қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
"Денсаулығыма байланысты ауруханаға жатып қалдым. Сол себепті 45 жас деп жоспарлаған концерттерімді 2025 жылға ауысқанын хабарлаймын! Өздеріңізді көруге асықпын!" - деп жазды ол.
Еске салайық, бұған дейін Тұрсынбек Қабатов қамауға алынған еді.
Астана қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысына сәйкес, айыпталушы - әзілкеш Тұрсынбек Қабатов Астана қалалық Әкімшілік құқықбұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін айыпталған адамға қатысты істі қарады (ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі).
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!