“Әзіл, қалжыңның арты жазаға әкеп соғуы мүмкін“. ІІМ ескерту жасады

“Әзіл, қалжыңның арты жазаға әкеп соғуы мүмкін“. ІІМ ескерту жасады
Фото: ІІМ

Ішкі істер министрлігі терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама үшін жауапкершілік барын еске салды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мұндай әрекет үшін Қылмыстық кодекстің 273-бабына сәйкес жауапкершілік көзделген. Ведомство мәліметінше, жарылғыш зат қойылғаны немесе өзге де қауіптер туралы жалған ақпаратты байланыс құралдары, интернет ресурстар, мессенджерлер, әлеуметтік желілер арқылы тарату дерегі тіркеліп отыр. Мұндай әрекеттер әзіл, қалжың ретінде жасалса да, қылмыстық құқықбұзушылық ретінде бағаланады.

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіріп, жаппай эвакуацияға, мемлекеттік органдардың, білім беру және басқа да әлеуметтік нысандардың жұмысы тоқтауына әкеп соғады. Бұл қылмысты жасағаны үшін ҚР заңнамасына сәйкес бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қарастырылған.

Полиция азаматтарды:

  • тексерілмеген ақпаратты таратпауға;
  • жалған шақырулар мен хабарламалар жасамауға,
  • ⁠балаларға терроризм актісі туралы жалған хабарлама үшін жауапкершілік бар екенін түсіндіруге;
  • мұндай хабарлама алған жағдайда дереу полицияға хабарлауға шақырды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget