Азиядағы ең бай әйел Ян Хуэйянь кейінгі жылы дүниесінің жартысынан көбін жоғалтты. Бұған Bloomberg Billionaires Index (BBI) мәліметтері дәлел бола алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Bloomberg Billionaires Index (BBI) мәліметтері бойынша, Қытайдағы ең ірі Country Garden Holdings құрылыс компаниясының бас акционері Ян Хуэйянның байлығы былтыр 23,7 миллиард доллардан 11,3 миллиард долларға дейін, яғни 52 пайызға құлдыраған. Бұл ҚХР-да өсіп келе жатқан ипотека дағдарысы аясында болып жатқаны айтылған.
Ян - фермер әрі қарапайым құрылысшы Ян Гоцянның қызы, ол компаниясын төменнен бастап құрған. Ал 2007 жылы қызына Country Garden акциясының 70 пайызын берген. Ян компания төрағасы әрі бас атқарушы директоры болып қала берген.
Ал қызы Гонконг қор биржасында құрылыс салушының акцияларын алғаш жариялаған соң екі жылдан кейін Азиядағы ең бай әйел болды.
Еске салайық, Қытай билігі жылжымайтын мүлік секторындағы қарызды қатаң реттеуді 2020 жылы бастаған болатын. Нәтижесінде Evergrande және Sunac сияқты ірі компаниялар дағдарысқа ұшыраған.